«Жасыл елім — 2017» атты экологиялық акция

2016 жылдың 21 сәуірінде Сол жағалаудағы мұражай кешенінде ШҚО-ның қоршаған ортасын қорғауға бағытталған «Жасыл елім — 2017» атты экологиялық акция өтті.  Шараның ұйымдастырушысы – «Кругозор» туризм мәдениеті Жастар орталығы. ҚАЕУ колледжінің студенттері мен оқытушылары мұражай кешенін тазартып, жас ағаштар отырғызып, игі іс жасап қайтты.

Толығырақ

Ағылшын тілінің практикасы

КАЕУ колледжінің студенттеріне тағы да Кейтлин Хайдпен (АҚШ) қызықты ойындар, пайдалы сабақтар, ағылшын тілінің практикасы 2017 жылдың cәуірдің 13, 20-сы күндері өтті. Кейтлин Хайдтың кәсіптік шеберлігі мен тәжірибесін пайдалана отырып, колледж студенттері ағылшын тіліне қызықты саяхат жасады.

Толығырақ

Ағылшын тілінен облыстық олимпиада қорытындысы

18.04.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде ағылшын тілінен «The Harder You Learn English the Easier You Understand the World» тақырыбында 1-курс білім алушылары арасында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға  облыстың 15 колледжінен  білім алушылар қатысты. Облыстық олимпиада үш турдан тұрды: 1 тур — Testing in Lexics and Grammar; 2 тур – Listening, Reading; 3 тур — Speaking. Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды: Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы І орын Эльдербаев Темирлан Өскемен медициналық колледжі ІІ орын Рахым Думан Геологиялық барлау колледжі ІІІ орын Байтұрсынова Назерке Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі Номинация жеңімпаздары: «The Best Grammar» — Романюк Виолетта […]

Толығырақ

Arduino жобасы бойынша дәріс

2017 жылдың 12 сәуір күні «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері Arduino жобасы бойынша Джон Гарнейдің (АҚШ) дәрісін тыңдады. Дәріс беруші бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жайында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттерін қызықтыра алды. Колледж білім алушылары танымды және пайдалы ақпаратты қызығушылықпен тыңдай отырып, салмақты сауал қойып, өз ойларымен бөлісті.

Толығырақ

«Тілдарын» қалалық олимпиадасының бас жүлде иегері

2017 жылдың 12 сәуірінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиада 18-22 жас аралығындағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткізілді. ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Серікқалиқызы Жанна қалалық олимпиадаға қатысып, тілді меңгеру дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, үш кезеңнің нәтижесі бойынша бас жүлде иегері атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Толығырақ

Республикалық пікір-сайыс турнирі

2017 жылдың  8-9 сәуір күндері Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті А. Байтұрсынұлының 145-жылдығы және Ректор кубогына арналған Республикалық «ҚызПУ CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі өтті. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің тәжірибелі пікір-сайысшылары аталған турнирге қатысып мықты, жүйелі ойын көрсетіп, оқу орны беделін Республика пікір-сайысшылары арасында нығайтты. Еміл Әли, Айынкір Бақболсын, Идаятұлы Кәшап, Асылғазы Алтынай көшбасшылық пен  шешендік  қасиеттерін көрсетті. Студеттерді осындай іс-шараларға тарту  мол тәжірибе жинауға, жаңа достар тауып, пікір-сайысшылар турнирлерге қатысу географиясын кеңейтеді.  

Толығырақ

Халықаралық серіктестік шеңберіндегі кездесу

2017 жылдың 7 сәуірінде ҚАЕУ колледжінде Сібір университетінің тұтыну кооперация колледжінің оқытушыларымен кездесу өтті. Колледж әкімшілігі кездесу барысында әріптестерді 2016 – 2017 оқу жылына арналған колледждің Кешенді даму жоспары, 2016 – 2019 жылдарға арналған колледждің даму Бағдарламасы, білім беру және тәрбие жұмысы процессінің сапа мониторингі Бағдарламаларымен таныстырып өтті. Келген қонақтарға «Дизайн» мамандығы студенттерінің шығармашылық жобаларының көрмесі көрсетілді.

Толығырақ

ҚАЕУ Президентінің жүлдесіне өткізілген ойындар

5 сәуір 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің спорт залында  оқытушы К.Т. Толеухановтың ұйымдастыруымен  «Тоғыз құмалақ» және «Шахматтан» ҚАЕУ Президентінің жүлдесіне студенттер арасындағы XIII спартакиадасы өтті. Бұл сайысқа ҚАЕУ, КЭФ және ҚАЕУ колледжінің студентері қатысты. ҚАЕУ колледжінің студентері «Тоғыз құмалақ» I орынға, «Шахмат» ойынынан II орынға ие болды. Сайысқа қатысушылар өздерінің математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін сайыс барысында пайдалана  білді.  Резанов Николай, Серік Жанар сыяқты студенттер өте жақсы ойын көрсетті.

Толығырақ

«Ұлы дала елі — Мәңгілік ел» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы

   2017 жылдың 30 наурызында Семей қаласындағы «Көлік колледжі» КМҚК-нің ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Ұлы дала елі — Мәңгілік ел» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Шараға қатысуға ниет білдірген талапкерлер қатарынан 18 колледжден келген үміткерлер болды. Жалпы 27 студент қатысқан ақындар сайысында ҚАЕУ колледжінің студенттері топ жарып, «үздік» атанды. Мүшәйра қорытындысы бойынша 16СО-к1 тобында оқитын 1 курс студенті Ержанова Аида 1-орын (жетекшісі – Самарханова Н.Н.), 15Т-к1 тобындағы 2-курс студенті Айынкір Бақболсын 2-орынды иеленіп (жетекшісі – Сеилханова К.К.), 1-ші және 2-ші дәрежелі Дипломдармен марапатталды

Толығырақ

«Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар

2017 жылдың  28 наурызында ҚАЕУ колледжінің акт залында облыстық ішкі саясат  өкілдерінің ұйымдастыруымен студенттерге «Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар өткізілді. Семинарды Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Екібастұз қаласы мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев жүргізді. Семинар барысында студенттерге дәстүрлі емес діни ағымдардың өршу жолдарымен қауіптілік деңгейі мысалдармен жан-жақты түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сауапты  сауал ақпараттық жауаппен тұжырымдалды.

Толығырақ