Бұл – менің Әнұраным!
2016 жылдың 4 маусым күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған шағын іс-шара өтті. Студенттердің назарына мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен шығу тарихы жайлы фильмдер ұсынылып, мемлекеттік әнұран орындалды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір азаматтың борышы, міндеті екені айтылды.
«Үздік тәлімгер» атты фестиваль туралы
27.05.2016 жылы ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім» мамандығының ІІІ курс 13НО-к1 тобының студенттері Облыстық колледждер арасындағы «Үздік тәлімгер» атты фестивальға қатысты. Фестивальда студенттеріміз төрт түрлі байқаудан өтіп, «Жаңашыл тәлімгерлер» номинациясын иеленді. Қызықты да, көңілді өткен байқауға колледж командасын даярлаған топ жетекшісі, ағылшын пәнінің оқытушысы А.М. Мукажанова.
«Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы туралы
2016 жылдың 24 мамыр күні Өскемен қаласының Комсомол аралында ШҚО Ішкі істер департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасымен ұйымдастырылған «Есірткіге қарсы туризм» қалалық Акциясы бағдарламасы бойынша «Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы өткізілді. Сайысқа ҚАЕУ колледжінің де білім алушылары қатысты. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде білім алушылар өздерінің спорттық-туристік дағдыларын көрсетсе, екінші кезеңде команда жанкүйерлері үшін туристік әндер бойынша шығармашылық конкурс өтті. Ең қиын және қызықты конкурстардың бірі «Рафтинг» болды. Жарысқа қатысушылар естен кетпес жақсы әсер алды. Әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, жарысқа қатысушылар белсенділік танытып флеш-моб ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерге құрмет грамоталары, кубоктар, […]
Жер реформасы жайлы кездесу
2016 жылдың 23 мамыр күні Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінде студенттердің ШҚО аумақтық инспекциясының басшысы – Аскар Шакенович Жакупбаевпен кездесуі өтті. Кездесу кезінде Жер реформасы жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Колледж студенттері толық, мазмұнды ақпарат алды. Нақты мәліметтері бар слайдтар, бейнероликтер көрсетілді
Ашық диктантқа қатысқаны туралы
2016 жылдың 18 мамыр күні Өскемен қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Мерейтойға байланысты атқарылған іс-шараның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды. Аталған шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің 50 студенті қатысып, өз білім-біліктерін көрсетті.
ҚАЕУ колледжінде өткен ашық есік күні
2016 жылдың 14 мамырында ҚАЕУ колледжі кезекті ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласының 12 мектебінен 123 оқушы қатысты. Келген қонақтар колледж кітапханасымен, компьютер сыныбымен, оқу дәрісханаларымен танысты. Мамандықтар жайлы презентацияларды, Қазақстан-Американдық еркін университеті мен колледжінің өмірі жайлы фильмдерді тамашалады. Ең соңында өз білімін тексергісі келгендер және де болашақта осы колледжге оқуға түсем-деушілер байқау тестін жазды.
«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс туралы
Мамыр айының 13 жұлдызында мемлекеттік тілде оқитын бірінші курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайысқа «Архимед», «Ньютон», «Менделеев», «Колумб» және «Әл-Фараби» атты командалары қатысты. Сайыстың өте қызықты өткен бөлімі «Тарихи тұлғалар өмірінен көрініс» — үй тапсырмасы көрсетілімі болды. Барлық турлардағы сұрақтар химия, биология, математика, физика және география пәндері бойынша қойылды. «Зертханалық жұмыс» туры команда мүшелерінің тек сұрақтарға ғана жауап бермей, алған білімдерін қажет кезде қолдана білетіндігін де көрсетті. Әр топ қолдарындағы заттар жинағын қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс өткізіп, қандай да бір заңдылықтың орындалу сәтін көрсетіп, дәлелдеді. Сайыс қызықты да, көңілді өтті, соңына дейін команда мүшелерімен олардың жанкүйерлері белсенділігі […]
ҚАЕУ студенттерімен кездесу
2016 жылдың 13 мамырында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері неміс тілінен Халықаралық олимпиада жүлдегері — Григорьева Мариямен және БҰҰ жобасы Халықаралық байқауының қатысушысы – Ларионова Юлиямен кездесу өтті. Кесдесу мақсаты — колледж білім алушыларын әртүрлі деңгейдегі жобалар мен олимпадаларға, байқауларға қатыстыру. Кездесу барысында қонақтар «Аудармашы ісі» және «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқу мен білудің қажеттілігін түсіндіре білді.
