Республикалық «TECHNO CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі

2018 жылдың  9-13 ақпан күндері Алматы қаласы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Рухани жаңғыру – жаһандық бәсеке негізі» атты Ректор кубогына арналған Республикалық «TECHNO CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турниріне Қазақстан-Американдық еркін университеті және Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжі мен Экономика және қаржы колледжі студенттері қатысты. Аталған турнирде студенттер жақсы ойын өрнегін көрсетіп, оқу орны беделін республикалық оқу орныдары арасында асқақтатып Алғыс хат пен қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Толығырақ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында би флешмоб

2018 жылдың 12 ақпан күні ҚАЕУ колледжінің жастары, XXI ғасыр ұрпағы бола отырып, тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекетіміздің тарихына және болашағына өз  құрметін білдіре отырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында би флешмобын өткізді.

Толығырақ

Құқықтық лекторий Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылау өтті

2018 жылдың 9-10 ақпан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау бойынша   құқықтық лекторий жиналысы болды. Колледж оқытушылары Амангелдина С.А. және Макаримов Б.М. білім алушыларға мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген он бағыттың әрбірінде көрсетілген міндеттерді іске асырудың маңыздылығымен  таныстырып өтті.  

Толығырақ

«Педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық семинар

2018 жылдың 9 ақпанда ҚАЕУ колледжінің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы бойынша директор орынбасары Б.Б. Биткенбаева мен әдіскері Р.К. Таскимбаева «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткен Астана қаласындағы «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты Республикалық семинарына қатысты. Семинарға педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби кадрлардың дайындығын жүзеге асыратын 103 колледж (180 адам) қатысты. Семинар барысында мектептерде оқыту мазмұнының жаңаруына сәйкес, оқыту мазмұнының трансформациясының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды тәжірибелік даярлаудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылау бойынша лекторий өтті

2018 жылдың 7 ақпан күні ШҚО әкімі аппаратының КММ «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында»    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау бойынша  лекторий жиналысы өтті. Отырыс барысында  ҚАЕУ  колледжінің білім алушылары «Мемлекет басшысының Жолдауы елдің дамуында жаңа бағыт ашатындығына және әрбір азаматтың өмір сапасын арттырудағы негізгі мәселелерге тоқталып, талдау жасады. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген 10 бағыттың әрбірінде көрсетілген міндеттерді іске асырудың маңыздылығына көңіл бөлінді.

Толығырақ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

2018 жылдың 31 қаңтар айында Орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Дәурен Бидахметұлы Сәрсембаевпен кездесу өтті. Шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттер қатысты. Сұхбат түрінде өткен іс-шарада жастар белсенділік танытып, сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуіндегі реформалар туралы, істерді мемлекет тарапынан жеке орындаушыға берудің жағымды және жағымсыз тұстары туралы маңызды мәселелерді арқау еткен сұрақтар қойды. Кездесуге қатысқан жеке сот орындаушылар палатасының басқа да мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап жауап қайтарды. Шара соңында студенттер ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында іс-тәжірибеден өтуге ниет білдірді.

Толығырақ

Әлеуметтік серіктестік – білім сапасын жоғарылату ресурсы

Практика жағдайында алған білім мен дағдыны, кәсібилік пен шеберлікті жетілдіру мен бекіту – студентерді оқытудағы негізгі міндеттердің бірі. ҚАЕУ колледжінің әлеуметтік серіктестермен өзара тиімді қалыптасқан байланысы студенттердің тәжірибеден өтуіне көмектеседі. Мәселен, «А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхана», Өскемен қаласы әкімшілігінің «Жас техник станциясы» МКҚК, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайы, «Тұқым» ЖШС, «АТФбанкі» АҚ студенттерге келешекте жұмысқа орналасуға да жағдай жасайды.

Толығырақ

Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!

Шығармашылық тұлғалар Клубының мүшелері мен «Дизайн» мамандығының студенттері ҚАЕУ колледжінің оқытушылары мен студенттерін келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтайды.

Толығырақ

Тәуелсіздік күніне орай — Мемлекеттік марапаттау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекетіміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА-ның Академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев III дәрежелі «Барыс» Орденімен марапатталды. ҚАЕУ колледжінің оқытушыларымен білім алушылары ҚАЕУ Президентін шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Толығырақ

«Ақ Ниет» мектеп интернатының алғашқы мерейтойы

2017 жылдың 14 желтоқсан күні  ШҚО-ның әкімі Д.К.Ахметовтың бастауымен ашылған, «Ақ Ниет» мектеп интернатының алғашқы мерейтойына арналған мерекелік шара өтті. Интернат тәрбиеленушілері қала мектептерінде,колледждерінде білім алуда, ал бос уақыттарында үйірмелер мен секцияларға қатысады. Мерекелік шара барысында көтеріңкі көңіл-күймен,балалар үшін бақытты сәтке толы қызықты күн болды.

Толығырақ