Carolyn Johnsonмен ұйымдастырылған кездесу туралы
19.09.2017 жылы Colorado штаты Aurora қаласынан келген Carolyn Johnsonның ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттерімен кездесу өтті. Оқытушылар Кабдуалиев Рамиль Еркынович пен Carolyn Johnson қос сабақтың барысында «Team teaching» оқыту әдісін таңдап, колледж білім алушыларына оқытуды жетілдіру мақсатында қалай өткізуге болатынын көрсете білді. Осындай сабақтың инновациялық өткізу форматы студенттерді басқа тілдер ортасына жақындатып, барлық студенттер ағылшын тілін жетік меңгеруге қызығушылықтарын білдірді.
«Туған жер» жобасы аясында «Ашық диктант» акциясы
2017 жылы 15 қыркүйек күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен патриоттық және білім беру бағытындағы «Күнге қол созған алып» / «Тянущийся к солнцу исполин» тақырыбында Ашық диктант акциясына қатысты. Дәстүрлі акция мемлекеттік тілде сауаттылық пен жазу мәдениетін дамытуға бағытталған. Отыз қатысушыдан сегізі диктантта бір де қате жібермей жазды, ол — студенттердің мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендерінің белгісі. ҚАЕУ колледжі «Орта білім беру» мамандығының студенті Федотова Анжелика алғыс хатымен марапатталды. Колледж әдіскері Роза Капановна Таскимбаеваға акцияны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін және диктант жазғаны үшін сертификат берілді.
«Final CAP ΙΙ» қалалық пікір-сайысшылар турнирі
14.05.2017 жылы Қазақстан-Американдық еркін университет колледжінде «Final CAP ΙΙ» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі, Өскемен медициналық колледжі, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Өскемен политехникалық колледжі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан 16 фракция қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжі «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды дебат клубы студенттері Марат Нұргүл бірінші орын, Айінкір Бақболсын мен Еміл Әли екінші орын алған, Идаятулы Кашап төртінші орынға тұрақтады. Турнирдің «Үздік спикері» Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Манапбай Әділ атанды.
Облыстық фестиваль «Тәлімгер-Вожатый Fest»
2017 жылдың 12 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый Fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Балалардың және жасөспірімдердің жазғы демалыс кундерін тиімді ұйымдастыру мен сауықтыру» мақсатында өткен нақты шарада жоғарғы оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды, осы талаптар бойынша қатысушылар өздерінің дайындап келген мерекелік шараларынан үзінді көрсетті. Болашақ оқытушылар фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге креативтік көзқараспен командалық бірліктерімен әділқазы алқасының көңілін таба білді.
«Голос свободы» шешендер сайысы
2017 жылы 12 мамыр күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханасының конференц-залында жастар арасында өткізілген «Голос свободы» шешендер сайысына қатысты. Сайыс республикалық мәдени жобаның «Үштілділік тұғырлылық» негізінде және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы шеңберінде өткен «Одна страна — одна книга» атты акциямен көркемделді. Біздің сайыскерлер Бақаева Ботагөз, Адилбекова Айсулу, Омарова Асыл, Тулегенова Улжан өз мүмкіндіктерімен таланттарын көрсетіп қана қоймай, сөйлеу мәнерінің, тіл шеберлігінің жаңа бағыттарынан сабақ ала білді, сондай-ақ нақты шараға қатысқаны үшін сертификат иегерлері атанды. Колледж оқытушылары Таскимбаева Роза Капановна және Нұғыманова Гауһар Ержанқызы сайыскерлердің шараға үздік дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.
Мәңгілік алауға қойылған гүлдер
Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойына орай 9 мамыр күні Даңқ алаңында дәстүрлі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл шоқтарын қою рәсімі Өскемен қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Салтанатты шара сағат 9:00-де басталды. Шара барысында қазіргі бейбіт өмір үшін жанын берген ардагерлер еске алынып, солардың құрметі үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Акция «Көше мерекесі»
5 мамыр 2017 жылы ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан облысының халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 72 жыл толу мерейтойына орай өткен «Көше мерекесі» акциясына қатысты. Студенттер және оқытушылар Попов көшесі бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, заңсыз төгілген қоқыс-қалдықтарын жинастырды.
Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық жарысы
05.05.2016 жылы ҚАЕУ колледж оқытушылары арасында Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа «Болашақ» және «Дружба» атты 2 команда қатысты. Жарыс бағдарламасына «Эстафеталық таяқшамен жүгіру», «Корзина», «Скакалка және теннис ракеткасымен жүгіру», «Ең мерген ойыншы» және де басқа әр түрлі ойындар енгізілді. Жарыс қатысушылары және жанкүйерлер позитивті энергия мен жақсы көңіл-күй алды.
Сайыс-саптық шеру
04.05.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғанының 25 жылдығына арналған сайыс-саптық шеру өтті. Cайыстың бағдарламасында көрсетілгені: Взвод бойынша салтанатты маршпен жүріп өту. Взводтың сапта ән орындау қабілеті. Қарусыз сапта іс-қимылдар жасау. Взвод командирлер сайысы. Саптық шеру байқауына 1 курс студенттері қатысты. Сайыс барысында 9 взводтың барлық қатысушылары эмоционалдық тұрақтылықпен әрбір сыннан өтіп, автоматты шашып, жинауда жылдамдықпен, тапқылық тұрғысынан өздерін жақсы жағынан көрсетті. Жүлделі орындар төмендегідей болды: І орын – 16НО-к1 тобының взводы, ІІ орын – 16СО-к1 тобының взводы, ІІІ орын – 1П-к1 тобының взводы. Командирлер арасында оза шыққан 16ПД-р3 тобының студенті Шарыпов […]
«Тілдарын-2017» олимпиадасы
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаштың ақ жолы» айлығы аясында 2017 жылғы 28 сәуірде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» атты облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы аудан, қалалардың жастары қатысты. Олар өздерінің үш тілді жетік меңгеретіндіктерін, сөйлеу шеберліктерінің жоғары екендіктерін көрсете алды. Қатысушылар көркем сөйлейтіндерін көрсету, эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау үш кезеңдерінен өтті. 1 кезең – қазақ тілін білу, 2 кезең – ағылшын тілі, 3 кезең – орыс тілін білу. Әділ қазылар қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті, «Тілдарын» қалалық олимпиадасының бас жүлде иегері Серікқалиқызы Жанна 1-орынға ие болып, Дипломмен марапатталды.
