Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2019 жылдың 22 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 3 секциядан тұрды, жалпы колледжден 22 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 10 студенттің еңбегі  бағаланып, І-ІІІ дәрежелі дипломдар, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» және «Ең үздік презентация» номинациялары бойынша мадақтамалар берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2019 жылдың 28 наурыз – 04 сәуір аралығында өтетін IX Халықаралық жас ғалымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2017 жылдың 17 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жеті секциядан тұрды, жалпы колледжден 50 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 20 студенттің еңбегі  бағаланып, «Үздік ғылыми-танымдық жұмыс», «Тақырып өзектілігі» және «Үздік презентация» номинациялары берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2017 жылдың 30 наурыз — 02 сәуірде өтетін VII Халықаралық жас ғылымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

«Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми–практикалық конференция

2016 жылдың 19 ақпанында ҚАЕУ  колледжінде  «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты ғылыми–практикалық конференция өтті. Конференция 6 секция бойынша жұмыс істеді, колледждің 43 білім алушысы қатысты, соның ішінде 28 студент — мемлекеттік тілде, 15 студент мемлекеттік емес тілде білім алатын топтардан қатысты. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, «Үздік ғылыми зерттеу жұмысы», «Тақырып өзектілігі», «Үздік презентация» номинациялары бойынша мадақтамалармен және қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Толығырақ