Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылуы

2017 жылы 14 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінің студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханада өткен қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты рәсімінің куәгері болды. Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығы көпшілікке ыңғайлы мекемеде орналасқанын атап өткен жөн. Мұнда кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин.

Толығырақ