«Студенттік көктем — 2018» атты облыстық фестиваль

2018 жылдың 26 сәуір күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Студенттік көктем — 2018» атты облыстық фестивальге қатысты. Сайыс аясында Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары үшін колледж оқу орындарының жәрмеңкесі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің белсенді қатысушылары үздік өнер көрсетіп, орта арнаулы оқу орындары арасындағы «Үздік шығармашылық алаң» номинациясын иеленгені үшін Диплом мен Кубогы және 150 000 мың теңгелік қаржылық сертификатымен марапатталды.

Толығырақ

Облыстық фестиваль «Тәлімгер-Вожатый Fest»

2017 жылдың 12 мамыр күні ҚАЕУ колледжінің студенттері «Тәлімгер Вожатый Fest» облыстық фестиваль сайысына қатысты. «Балалардың және жасөспірімдердің жазғы демалыс кундерін тиімді ұйымдастыру мен сауықтыру» мақсатында  өткен нақты шарада жоғарғы оқу орындары мен  колледждің педагогикалық мамандығы бойынша білім алушылары бақ сынасты. Фестиваль бағдарламасы бойынша сайыс 4 түрлі кезеңнен тұрды, осы талаптар бойынша қатысушылар өздерінің дайындап келген мерекелік шараларынан үзінді көрсетті. Болашақ оқытушылар  фестиваль тақырыбына сай интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерімен бірге креативтік көзқараспен командалық бірліктерімен әділқазы алқасының көңілін таба білді.

Толығырақ