«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турнирі

  2018 жылдың 8 сәуір күні Өскемен қаласыда C. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ІІ–орын Идаятұлы Кашап, ІІІ–орын Еміл Әли мен Айынкір Бақболсын алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!

Толығырақ

Республикалық пікір-сайыс турнирі

2017 жылдың  8-9 сәуір күндері Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті А. Байтұрсынұлының 145-жылдығы және Ректор кубогына арналған Республикалық «ҚызПУ CUP ΙΙΙ» пікір-сайыс турнирі өтті. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің тәжірибелі пікір-сайысшылары аталған турнирге қатысып мықты, жүйелі ойын көрсетіп, оқу орны беделін Республика пікір-сайысшылары арасында нығайтты. Еміл Әли, Айынкір Бақболсын, Идаятұлы Кәшап, Асылғазы Алтынай көшбасшылық пен  шешендік  қасиеттерін көрсетті. Студеттерді осындай іс-шараларға тарту  мол тәжірибе жинауға, жаңа достар тауып, пікір-сайысшылар турнирлерге қатысу географиясын кеңейтеді.  

Толығырақ

«Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турнирі

11.11.2016 жылы Жастар орталығы қолдауымен және Өскемен медециналық колледжі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел жастары» атты облыстық пікір-сайысшылар турниріне ҚАЕУ колледжі студенттері қатысып Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттері арасында өте жақсы нәтижелер көрсетті. ҚАЕУ колледжінен турнирге 8 фракция катысты. Аталған турнирде бірінші орын алған ҚАЕУ колледжі студенттері Бастаубаев Әлібек, Идаятұлы Кәшәп. Турнирдің «Үздік спикері» 15Т-к1 тобы студенті Еміл Әли атанды.

Толығырақ