«Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара туралы
2016 жылдың қыркүйектің 24 жұлдызында ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттері арасында «Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара өтті. Спорттық жарыс келесі кезеңдерден тұрды: орнынан ұзындыққа секіру, жеңіл атлетикалық эстафета, арқан тарту, кермеде тартылу, арқаға жатып дене көтеру. Іс-шараға бірінші курстың 10 тобы қатысты. Үздік топтар: 16П-р1, 16П-к1,16Ф-к1,16СО-к1. Студенттер спорттық жарыста шыдамдылықты, қызығушылықты және күш-жігерлерін танытты.
«ҚАЕУ жетістіктерінің тарихы» туралы
20.09.2016-23.09.2016 жылы колледж бірінші курс студенттер арасында «ҚАЕУ жетістіктерінің тарихы» атты шара өтті. ҚАЕУ студенттері оқу орнының құрылуы, оның даму тарихы және халықаралық серіктестік негізінде салтанатты ашылу шарасына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысқандығы туралы ақпарат берілді. Студенттерге ҚАЕУ оқу орнының шетел серіктестерімен жұмыс жүргізу ерекшеліктері, соның ішінде АҚШ, Канада, Европа мемлекеттеріндегі іс-тәжірибеден өту бағдарламаларымен жургізілген жұмыстар туралы фильм көрсетілді. Дарынды балаларды қолдау оқу орнының негізгі мақсаттарының бірі екендігі де аталып өтті. Қазақстан Республикасы бойынша ҚАЕУ үздік оқу орындарының алдыңғы қатарда келе жатқандығы дәлелді материалдармен жан–жақты түсіндірілді.
«Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын!»
20.09. — 21.09.2016 жылы ҚАЕУ колледжінде «Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты іс-шара өткізілді. Колледждің «Бастауыш білім», «Құқықтану», «Әлеуметтік жұмыс» мамандығында оқып жүрген студенттер қатысты. Іс-шараның мақсаты: агрессия ұғымын түсіндіру, жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау, студенттердің зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы жайлы және оны қорғау мәселесі бойынша студенттерге кеңес берілді. Колледж психологі Баженова Н.К. мен арнайы пәндер оқытушысы А.С. Кыдырханова. студенттерге слайдттар мен бейнероликтер көрсете отырып, пікір талас жүргізіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.
Бұл – менің Әнұраным!
2016 жылдың 4 маусым күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған шағын іс-шара өтті. Студенттердің назарына мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен шығу тарихы жайлы фильмдер ұсынылып, мемлекеттік әнұран орындалды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір азаматтың борышы, міндеті екені айтылды.
«Қазақстан» тауында өткен акция туралы
ҚАЕУ колледжінің студенттері колледж оқытушысы Қ.Т. Толеухановпен бірге 03.06.2016 жылы «Қазақстан» тауында өткен «Бұл – менің Әнұраным! Бұл – менің Туым! Бұл – менің Елтаңбам!» атты Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған акцияның қатысушылары болды. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен қатар Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаттарын табыстау, мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімдерінің куәгерлері болды. Патриоттық іс-шараның маңыздылығын әрбір қатысушы ерекше сезінді.
«Үздік тәлімгер» атты фестиваль туралы
27.05.2016 жылы ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім» мамандығының ІІІ курс 13НО-к1 тобының студенттері Облыстық колледждер арасындағы «Үздік тәлімгер» атты фестивальға қатысты. Фестивальда студенттеріміз төрт түрлі байқаудан өтіп, «Жаңашыл тәлімгерлер» номинациясын иеленді. Қызықты да, көңілді өткен байқауға колледж командасын даярлаған топ жетекшісі, ағылшын пәнінің оқытушысы А.М. Мукажанова.
«Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы туралы
2016 жылдың 24 мамыр күні Өскемен қаласының Комсомол аралында ШҚО Ішкі істер департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасымен ұйымдастырылған «Есірткіге қарсы туризм» қалалық Акциясы бағдарламасы бойынша «Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы өткізілді. Сайысқа ҚАЕУ колледжінің де білім алушылары қатысты. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде білім алушылар өздерінің спорттық-туристік дағдыларын көрсетсе, екінші кезеңде команда жанкүйерлері үшін туристік әндер бойынша шығармашылық конкурс өтті. Ең қиын және қызықты конкурстардың бірі «Рафтинг» болды. Жарысқа қатысушылар естен кетпес жақсы әсер алды. Әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, жарысқа қатысушылар белсенділік танытып флеш-моб ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерге құрмет грамоталары, кубоктар, […]
Жер реформасы жайлы кездесу
2016 жылдың 23 мамыр күні Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінде студенттердің ШҚО аумақтық инспекциясының басшысы – Аскар Шакенович Жакупбаевпен кездесуі өтті. Кездесу кезінде Жер реформасы жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Колледж студенттері толық, мазмұнды ақпарат алды. Нақты мәліметтері бар слайдтар, бейнероликтер көрсетілді
Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы
2016 жылдың 18-мамырында ҚАЕУ колледжінің студенттеріне арнайы пән оқытушылары Макаримов Б.М., Сегизбаева Ж.Б. Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дәріс жүргізді. Жаңартылған Жер кодексінің қолданысқа енгізілуіне орай ауыл шаруашылығына жарамды жер телімдерін ұқыпты пайдалану, сәйкесінше аграрлық секторды дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтудың қосымша мүмкіндіктері, инвестиция тарту, инновациялар енгізудің заңнамалық негіздері қаланатыны туралы айтылды. Колледж студенттеріне Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы түсіндірілді
