«Тарих – ғасырлар куәсі» атты тарихи көріністер сайысы

2018 жылдың 13 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінде 1-2 курс топтары арасында Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне  арналған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты   тарихи көріністер сайысы өтті. Іс-шараның  мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге,  туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және актерлік шеберлікті қалыптастыру.  Сайыста қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғаларынан үзінділер көрсетілді: «Қазақ хандығының құрылуы», «Қасым ханның таққа отырылуы», «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама оқиғасы», «Ұлы Отан соғысы кезеңі», «Қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағулова», «Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты», «Желтоқсан желі ызғарлы», «Қайрат Рысқұлбековтың тергеу ісі». Сайыс ұйымдастырушылары: Сегизбаева Ж.Б., Колдаева А.А.

Толығырақ

Оқу сот процессі бойынша облыстық сайысы

2017 жылдың 28-29 қараша күндері ҚАЕУ колледжінің командасы ШҚО жоғарғы оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындары арасында ұйымдастырылған оқу сот процессі бойынша облыстық сайысына қатысты. Сайыс 2017-2020 жж. мемлекеттік тапсырыс бойынша сот білімі Стратегиясының негізінде «ШҚО жастар құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында ҚР сот алқасының Шығыс Қазақстан филиалы», ардагерлер алқасы, жастар сот алқасы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы колдауымен ұйымдастырылған. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: сот процестері және процеске қатысушылардың өз мамандықтары бойынша білім деңгейін қорғай білу қабілеті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы ІІІ орынға ие болып, Кубокпен марапатталды.  

Толығырақ

«Голос свободы» шешендер сайысы

2017 жылы 12 мамыр күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханасының конференц-залында жастар арасында өткізілген «Голос свободы» шешендер сайысына қатысты. Сайыс республикалық мәдени жобаның «Үштілділік тұғырлылық» негізінде және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы шеңберінде өткен «Одна страна — одна книга» атты акциямен көркемделді. Біздің  сайыскерлер Бақаева Ботагөз, Адилбекова Айсулу, Омарова  Асыл, Тулегенова Улжан  өз мүмкіндіктерімен таланттарын көрсетіп қана қоймай, сөйлеу мәнерінің, тіл шеберлігінің жаңа бағыттарынан сабақ ала білді, сондай-ақ нақты шараға қатысқаны үшін сертификат иегерлері атанды. Колледж оқытушылары Таскимбаева Роза Капановна және Нұғыманова Гауһар Ержанқызы сайыскерлердің шараға үздік дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Толығырақ

«Жігіт сұлтаны-2017» қалалық сайысы

Шығыс Қазақстан облысының жоғарғы  оқу орындар мен техникалық кәсіптік білім беру орындарында  Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны-2017» қалалық сайысы өтті. Сайысқа 17 оқу орнынан үміткерлер қатысты, сайыс 4 сатыдан тұрды: «Сал-серілер салтанаты» би жарысы, «Бәйге» интелектуалдық сайысы, «Сегіз қырлы бір сырлы» өнер сайысы, «Біздің жігіттер керемет жігіттер» спорттық сайысы, «Іскерлік стиль» іскерлік келбет сайысы. ҚАЕУ колледж студенті Қадырбеков Раджан осы бес кезеңнен суырылып шығып, жүлделі 1-орынды «Өнерпаз жігіт» номинациясымен жеңіп алды.

Толығырақ

«Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара туралы

2016 жылдың  қыркүйектің 24 жұлдызында ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенттері арасында «Денсаулық күні — 2016» атты спорттық мерекелік іс-шара өтті. Спорттық жарыс келесі кезеңдерден тұрды: орнынан ұзындыққа секіру, жеңіл атлетикалық эстафета, арқан тарту, кермеде тартылу, арқаға жатып дене көтеру. Іс-шараға бірінші курстың 10 тобы қатысты. Үздік топтар: 16П-р1, 16П-к1,16Ф-к1,16СО-к1. Студенттер спорттық жарыста шыдамдылықты, қызығушылықты және күш-жігерлерін танытты.

Толығырақ

«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс туралы

Мамыр айының 13 жұлдызында мемлекеттік тілде оқитын бірінші курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өткізілді.  Сайысқа «Архимед», «Ньютон»,  «Менделеев», «Колумб» және «Әл-Фараби»  атты командалары қатысты. Сайыстың өте қызықты өткен бөлімі «Тарихи тұлғалар өмірінен көрініс» — үй тапсырмасы көрсетілімі болды. Барлық турлардағы сұрақтар химия, биология, математика, физика және география пәндері бойынша қойылды. «Зертханалық жұмыс» туры команда мүшелерінің тек сұрақтарға ғана жауап бермей, алған білімдерін қажет кезде қолдана білетіндігін де көрсетті. Әр топ қолдарындағы заттар жинағын қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс өткізіп, қандай да бір заңдылықтың орындалу сәтін көрсетіп, дәлелдеді. Сайыс қызықты да, көңілді өтті, соңына дейін команда мүшелерімен олардың жанкүйерлері белсенділігі […]

Толығырақ