«Тарих – ғасырлар куәсі» атты тарихи көріністер сайысы

2018 жылдың 13 желтоқсан күні ҚАЕУ колледжінде 1-2 курс топтары арасында Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне  арналған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты   тарихи көріністер сайысы өтті. Іс-шараның  мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге,  туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және актерлік шеберлікті қалыптастыру.  Сайыста қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғаларынан үзінділер көрсетілді: «Қазақ хандығының құрылуы», «Қасым ханның таққа отырылуы», «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама оқиғасы», «Ұлы Отан соғысы кезеңі», «Қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағулова», «Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты», «Желтоқсан желі ызғарлы», «Қайрат Рысқұлбековтың тергеу ісі». Сайыс ұйымдастырушылары: Сегизбаева Ж.Б., Колдаева А.А.

Толығырақ