«Тілдарын» қалалық олимпиадасының бас жүлде иегері

2017 жылдың 12 сәуірінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиада 18-22 жас аралығындағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткізілді. ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Серікқалиқызы Жанна қалалық олимпиадаға қатысып, тілді меңгеру дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, үш кезеңнің нәтижесі бойынша бас жүлде иегері атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Толығырақ