«Тәуелсіздік қарлығаштары» атты көрмесі

2018 жылы 7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайында 1986 жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасына байланысты «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты еске алу іс-шарасы өткізілді. «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, ҚАЕУ колледжінің студенттері дайындаған баяндамалары тындалды. Іс-шара соңында «Желтоқсан 1986 жыл» атты деректі фильм көрсетіліп,  колледж оқытушылары Елеусизова А.Р., Сегизбаева Ж.Б. және белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар берілді.

Толығырақ

«Ата дәстүрі аманат» атты көрме

2018 жылдың 14 наурыз күні Өскемен қаласындағы қызмет көрсету колледжінде «Ата дәстүрі аманат» атты көрме өтті. ҚАЕУ колледж студенттері көрмеге қатысып, қолдан жасалған Көктем мерекесінің гүлдерімен көрменің көркін аша түсті.  

Толығырақ