«Жайдарман» іріктеу ойыны

Ақпан айының 15-ші жұлдызында Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінде командалар арасында «Жайдарман» іріктеу ойыны өтті. Барлық қатысушы 4 команда болды, олар өте қызықты ойын көрсетті. Төрешілердің шешімі бойынша 1-орын «КАСУ құрамасы», 2-орын «Көз тимесін», 3-орын «Сека-Life» командаларына берілді. Сонымен қатар, ойыншылар мен командаларға номинациялар берілді. «Көрермен көзайымы» номинациясын «3+1» командасы, «Ең үздік ойыншы» номинациясын «Сека-Life» командасының ойыншысы Алшимбаев Әділ иеленді. «Көз тимесін» командасының капитаны Ақанов Есен де, ойын барысында ерекше көзге түсті.

Толығырақ

«Жайдарман» Республикалық шығыс орталық лигасы

11.12.2016 жылы Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет үйінде  «Жайдарман»  Республикалық  шығыс орталық лигасының финалында ҚАЕУ колледжінің  «Жігіттер» командасы да өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Қызықты ойындарымен әділқазылар тарапынан тек жақсы ықыластарға ие болды. Сондай-ақ олардың бағдарламаларындағы  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған қойылымдары ерекше атап өтті.                  Әділқазы қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

Толығырақ