Талапкерлер үшін өткізілген ашық есік күні

3.10.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде КММ «№ 3 Жаңа-Бұхтарма орта мектебінің» оқушыларына «Ашық есік» күні өтті. Болашақ талапкерлерге  бәсекеге қабілетті мамандық иесі болудағы, оған қол жеткізу үшін оқу орынды дұрыс таңдау аса маңызды екенін ескере отырып,  жеткілікті ақпарат беру мақсатында мектеп оқушыларына арналған шара өткізілді.

Шара барысында ҚАЕУ  колледжінің қазіргі таңдағы  сұраныстармен  талаптарға сай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі жөнінде деректі фильм көрсетіле отырып, білім алушыларға жан-жақты мәліметтер берілді. Сондай-ақ колледждің өзін өзі басқару  комитетінің ұйымдастыруымен колледждің өнерлі, талантты студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.