«Тілдарын-2017» олимпиадасы

«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаштың ақ жолы» айлығы аясында 2017 жылғы 28 сәуірде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» атты облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы аудан, қалалардың жастары қатысты. Олар өздерінің үш тілді жетік меңгеретіндіктерін, сөйлеу шеберліктерінің жоғары екендіктерін көрсете алды.

Қатысушылар көркем сөйлейтіндерін көрсету, эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау үш кезеңдерінен өтті. 1 кезең – қазақ тілін білу, 2 кезең – ағылшын тілі, 3 кезең – орыс тілін білу.

Әділ қазылар қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті, «Тілдарын» қалалық олимпиадасының бас жүлде иегері Серікқалиқызы Жанна 1-орынға ие болып, Дипломмен марапатталды.