«Туған өлкенің қасиетті жерлері» атты конференцияға қатысу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 13 қарашасында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Туған өлкенің қасиетті жерлері» атты ғылыми тәжірибелік конференцияға  ҚАЕУ қолледжінің студенттері қатысты.

Конференцияға белсенді қатысқандары үшін Нурлыбекова Диана, Бердхан Аманжол, Аманбаева Айым, Еміл Әли, Әнуарбеков Мәди, Қайназарова Мөлдір, Қаныбекұлы Еламан, Тынышбекова Ақбота, Асқарқызы Жансая сертификаттар ұсынылды. Студенттерді дайындағаны үшін ғылыми жетекшілері Сегизбаева Ж.Б., Макаримов Б.М., Елеусизова А.Р. алғыс хаттармен марапатталды.