«Туған жер» жобасы аясында «Ашық диктант» акциясы

2017 жылы 15 қыркүйек күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен патриоттық және білім беру бағытындағы «Күнге қол созған алып» / «Тянущийся к солнцу исполин» тақырыбында Ашық диктант акциясына қатысты. Дәстүрлі акция мемлекеттік тілде сауаттылық пен жазу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Отыз қатысушыдан сегізі диктантта бір де қате жібермей жазды, ол — студенттердің мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендерінің белгісі. ҚАЕУ колледжі «Орта білім беру» мамандығының студенті Федотова Анжелика алғыс хатымен марапатталды. Колледж әдіскері Роза Капановна Таскимбаеваға акцияны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін және диктант жазғаны үшін сертификат берілді.