«Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы туралы

2016 жылдың 24 мамыр күні Өскемен қаласының Комсомол аралында ШҚО Ішкі істер департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасымен ұйымдастырылған «Есірткіге қарсы туризм» қалалық Акциясы бағдарламасы бойынша «Турград-2016» атты спорттық көпшілік іс-шарасы өткізілді. Сайысқа ҚАЕУ колледжінің де білім алушылары қатысты.

Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде білім алушылар өздерінің спорттық-туристік дағдыларын көрсетсе, екінші кезеңде  команда жанкүйерлері үшін туристік әндер бойынша шығармашылық конкурс өтті.

Ең қиын және қызықты конкурстардың бірі «Рафтинг» болды. Жарысқа қатысушылар естен кетпес жақсы әсер алды.

Әділ-қазылар алқасы қорытынды  шығарғанша, жарысқа қатысушылар  белсенділік танытып флеш-моб ұйымдастырды.

Сайыс қорытындысы  бойынша ҚАЕУ командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерге құрмет грамоталары, кубоктар, сыйлықтар берілді. Команданы  кәсіби даярлағаны үшін колледж оқытушылары М.З. Сабитов, А.М. Сатиева  алғыс хатпен марапатталды.