«Туризм және Мен» атты облыстық конкурсы

ҚАЕУ колледжінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың мамыр айының 25-і күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске  асыру аясында «Білікті маман» жобасы шеңберінде ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарының «Туризм» мамандығы бойынша білім алушылары арасында «Туризм және Мен» атты облыстық конкурсы өтті.

Бұл конкурсқа 5ес оқу орнының командасы белсенділікпен қатысты. Конкурс барысы 14 кезеңнен тұрды, әр команда өз мамандығы бойынша алған теориялық білімдерін, тәжірибелік шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Әділқазының бағалау қорытындысы бойынша, ҚАЕУ колледжінің «Самрұқ» командасы өзге командалардан шапшаңдылықпен ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алды.