Ұлы Жеңіске – 70 жыл!

2015 жылы   мамырдың 5-інде Жеңістің  70 жылдығына орай өткізілген «Жеңіс көктемі» қалалық өлең оқу байқауына ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты. Қазақ тілі, ағылшын және орыс тілі секциялары бойынша байқау  «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ  өтті. Ағылшын тілі секциясы бойынша 13НОк-1 тобының студенті Бақаева Ботагөз І орынды иеленгені үшін диплом және сертификатпен марапатталды.  ІІІ орын алғаны үшін 14НОк-1 тобының студенті Серікқалиқызы Жанна диплом және сертификатпен марапатталды. Қазақ тілі  және орыс тілі секциялары бойынша Котельникова Дарья мен Котельникова Любовь байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Байқауға студенттерді дайындағаны үшін оқытушылар: Мукажанова А.М., Ким В.А., Жайсанбаева А.С. алғыс хатпен марапатталды.