Вероника Маккеймен ұйымдастырылған кездесу туралы

04.10.2016 жылы ағылшын клубының аясында Америка Құрама Штаттары, Колорадо, Денверден келген Вероника Маккеймен   кездесу өтті.

2-3 курс студенттеріне күні бойы Колорадодан келген қонақпен әңгімелесу өте қызық болды.  Вероника тіл меңгерудің қызықты жолдарын ұсынды. Барлық студенттер ағылшын тілін жетік меңгеруге, шығармашылығын, эрудициясын дамытуға көмектесетін және дене белсенділігін дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі ойындарға қатысты. Студенттерге Вероникамен әңгімелесіп, күліп, секіріп, билеп уақыт өткізу өте қызықты болды.

Пайдалы және көңілді уақыт өткізгендері үшін қоштасқанда бір-бірлеріне алғыстарын білдірді.