«Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми–практикалық конференция

2016 жылдың 19 ақпанында ҚАЕУ  колледжінде  «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты ғылыми–практикалық конференция өтті. Конференция 6 секция бойынша жұмыс істеді, колледждің 43 білім алушысы қатысты, соның ішінде 28 студент — мемлекеттік тілде, 15 студент мемлекеттік емес тілде білім алатын топтардан қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, «Үздік ғылыми зерттеу жұмысы», «Тақырып өзектілігі», «Үздік презентация» номинациялары бойынша мадақтамалармен және қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.