Волейболдан ашық облыстық турнир

ҚАЕУ колледжінің білім алушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының жүлдесі үшін ШҚО колледждері білім алушыларының ұлдар және қыздар командалары арасында волейболдан ашық облыстық турнирге қатысты. Турнир 23 — 26 сәуір күндері аралығында FIVB халықаралық ережесі бойынша өтті.

Қыздар командалары арасында ҚАЕУ колледжінің қыздар командасы жүлделі ІІІ-орынға ие болып, Диплом және 10 мың теңге сомасына сертификатпен марапатталды.