Волейболдан қыздар арасындағы кезекті жарыс
2016 жылдың 5 қараша күні ҚАЕУ спартакиада шеңберінде ҚАЕУ колледжі мен экономика және қаржы колледжінің қыздары арасында волейболдан кезекті сайыс өтті.
ҚАЕУ колледжінің қыздар командасы ойынның үш айналымында экономика және қаржы колледжінің командасын айқындықпен жеңіп, жартылай финалға өтті. Турнир қортындысында жүлделі екінші орынға ие болды. ҚАЕУ колледжінің студенттері Айтқалиева Елдана, Қинаятова Ақбота үздік ойыншы ретінде марапатталды.
