ҚАЕУ Президентімен ұйымдастырылған кездесу

05.10.2016 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің конференц-залында колледж студенттерімен ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА Академигі Е.А. Мамбетказиев және шетел серіктестері: вице-президент Даниэл Бэлласт, Маршалл Кристенсен – ҚАЕУ қамқорлық қоры ұйымының төрағасы,  «Co-Serve International» президенті , Кэтлин Хайд – ағылшын тілі бойынша білікті оқытушы (АҚШ), Keysight Technologies Inc. компаниясының жетекші инженері (АҚШ) Коннер Маккеймен кездесу өтті.

Кездесу барысында оқу орынның студенттер тарапына көрсетілетін білім берудегі ерекшеліктермен, бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы жасалып отырған мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ жастар ұйымының студенттері колледж өміріндегі, өзін-өзі басқару орталықтарының қызметімен, әр түрлі клубтар жұмыстарымен таныстырып өтті. Студенттер арасында өз талантымен, спорттық жетістігімен көзге түскен студенттерге  де сөз берілді.

Кездесу қорытындысында студенттер өздерін  қызықтырған сұрақтарды  қойып, оқу орын әкімшілігіне өткізіліп отырған шараның өздері үшін маңыздылығын айтып, алғыстарын білдірді.