Физикалық дайындығы мықтыларды анықтаймыз … .

Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде өткен 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жыл және КСРО халықтық ұстазы Құмаш Нұрғалиевтың  90 жылдығына арналып өткізілген облыстық үстел теннисінен жарысқа ҚАЕУ колледжінің студенттері де белсене қатысты.

14Пк-1 тобының студенті Бастаубаев Әлібек  ІІІ орынды иеленгені үшін ШҚО Білім беру басқармасының дипломымен марапатталды. Үстел теннисінен белсенділік танытқаны үшін колледж студенттері Мұратханова А., Бақытбекова З., Сұлтанова Е., Ереш Р., Кәкімжанов А., Алшынбаев А., Мағлұмханова Г, Зарлыханова А. сертификат берілді.   Дене тәрбиесінің оқытушысы А.К. Рамазановқа команданы даярлағаны үшін алғыс берілді