«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайыс туралы

Мамыр айының 13 жұлдызында мемлекеттік тілде оқитын бірінші курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өткізілді.  Сайысқа «Архимед», «Ньютон»,  «Менделеев», «Колумб» және «Әл-Фараби»  атты командалары қатысты.

Сайыстың өте қызықты өткен бөлімі «Тарихи тұлғалар өмірінен көрініс» — үй тапсырмасы көрсетілімі болды. Барлық турлардағы сұрақтар химия, биология, математика, физика және география пәндері бойынша қойылды. «Зертханалық жұмыс» туры команда мүшелерінің тек сұрақтарға ғана жауап бермей, алған білімдерін қажет кезде қолдана білетіндігін де көрсетті. Әр топ қолдарындағы заттар жинағын қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс өткізіп, қандай да бір заңдылықтың орындалу сәтін көрсетіп, дәлелдеді. Сайыс қызықты да, көңілді өтті, соңына дейін команда мүшелерімен олардың жанкүйерлері белсенділігі төмендеген жоқ.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынға «Колумб»  командасы (15ПД-к3 тобы), ІІ орынға «Архимед» командасы (15Инф-к1 тобы), ІІІ орынға «Ньютон» командасы (15 ПДк-1тобы) ие болды.

Үш команда мүшелері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.  Командалар қатысушы сертификатымен және сыйлықтармен марапатталды.