«Жайдарман» іріктеу ойыны

Ақпан айының 15-ші жұлдызында Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінде командалар арасында «Жайдарман» іріктеу ойыны өтті. Барлық қатысушы 4 команда болды, олар өте қызықты ойын көрсетті.

Төрешілердің шешімі бойынша 1-орын «КАСУ құрамасы», 2-орын «Көз тимесін», 3-орын «Сека-Life» командаларына берілді. Сонымен қатар, ойыншылар мен командаларға номинациялар берілді. «Көрермен көзайымы» номинациясын «3+1» командасы, «Ең үздік ойыншы» номинациясын «Сека-Life» командасының ойыншысы Алшимбаев Әділ иеленді. «Көз тимесін» командасының капитаны Ақанов Есен де, ойын барысында ерекше көзге түсті.