«Жайдарман» Республикалық шығыс орталық лигасы

11.12.2016 жылы Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет үйінде  «Жайдарман»  Республикалық  шығыс орталық лигасының финалында ҚАЕУ колледжінің  «Жігіттер» командасы да өз өнерлерін көрермендерге паш етті.

Қызықты ойындарымен әділқазылар тарапынан тек жақсы ықыластарға ие болды. Сондай-ақ олардың бағдарламаларындағы  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған қойылымдары ерекше атап өтті.                  Әділқазы қорытындысы бойынша ҚАЕУ колледжінің командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды.