Жас ақын кітабының тұсаукесері

2022 жылдың 20 қыркүйек күні Жоғарғы колледжінің студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханада жерлес жас ақын Құндыз Тасқынбекқызының «Жүректегі көбелек» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты. Кездесуде жас ақын жастармен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Шығармашылыққа қабілетті жастардың өнерге деген қызығушылығын оятып, ізденісте жүрген жастарға бағыт-бағдар берді.