«Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар

2017 жылдың  28 наурызында ҚАЕУ колледжінің акт залында облыстық ішкі саясат  өкілдерінің ұйымдастыруымен студенттерге «Жат ағымнан сақтану жолдары» ақпараттық насихат семинар өткізілді. Семинарды Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Екібастұз қаласы мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев жүргізді.

Семинар барысында студенттерге дәстүрлі емес діни ағымдардың өршу жолдарымен қауіптілік деңгейі мысалдармен жан-жақты түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сауапты  сауал ақпараттық жауаппен тұжырымдалды.