«Ата дәстүрі аманат» атты көрме

2018 жылдың 14 наурыз күні Өскемен қаласындағы қызмет көрсету колледжінде «Ата дәстүрі аманат» атты көрме өтті. ҚАЕУ колледж студенттері көрмеге қатысып, қолдан жасалған Көктем мерекесінің гүлдерімен көрменің көркін аша түсті.  

Толығырақ

Студент бола отырып еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма?

ҚАЕУ колледж тарихында студенттердің бүгінгі күндегі жауабы- «Иә!». Тек бітіруші курс қана емес барлық студенттер өздерін келешегі бар маман көрсете алуда. Өндірістік практика кезінде студенттер өзбілімдері мен біліктерін, жеке қасиеттерін көрсете алғаны сонша оларды болашақтағы жұмыс берушілері студенттердің колледжді бітірулерін күтпестен, оларға өз кәсіпорындарында қызметкер болуды ұсынды. Мадинов Арсен, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті: «2018 жылдың 3 қаңтарынан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жетекшілер және шетелдік мамандармен өткен әңгімелесуден кейін мені «American Culture Center» бөліміне жұмысқа қабылдады. Мен оқу мен жұмысты жеңілдікпен ұштастырып, ағылшынша сөйлеу дағдысын жетілдіріп (өйткені, мен екі американдықпен жұмыс істеймін), аударма ісінің жазба және ауызша ісімен […]

Толығырақ

«Арулар сайысы – 2018»

2018 жылдың 7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні карсанында ҚАЕУ колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар үшін наурыз мерекелік гүлдер көрмесімен басталды. Тосын сый студенттер тарапынан дайындалған мерекелік «Арулар сайысы – 2018» конкурсымен қорытындалды.

Толығырақ

«Болашақ заңгер» атты облыстық конкурс

2018 жылдың 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Білікті маман» жобасының жүзеге асыру шеңберінде ШҚО әкімі аппаратының  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» КММ қолдауымен   ШҚО бойынша КжТББ жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты облыстық конкурс өтті. Конкурсқа облыстың 4 колледжінің білім алушылары  қатысты. Облыстық конкурс үш кезеңнен тұрып, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті, қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды: Жүлделі орындар Студенттің аты- жөні Оқу орнының атауы Бас жүлде Хайбуллина    Дина «Innovation college» мекемесі І орын Марат Нұргүл Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжі ІІ орын Кыстаубаева Асель С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жоғары колледж ІІІ орын Максимова […]

Толығырақ

CLIL технологиясы элементтерін қолдану арқылы өткен сабақ

2018 жылдың 28 ақпан күні ШҚО бойынша ТиПО жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты облыстық конкурс шеңберінде CLIL технологиясымен кіріктірілген ағылшын тілі  элементтерін қолдану арқылы «Конституциялық құқық» пәні  бойынша сабақ өткізілді. Арнайы пәндер оқытушысы М.К. Мухаметкалиева сабақтың барлық кезеңдерінде 2 тілді оптималды түрде қолданғанын көрсете білді.

Толығырақ

Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін

2018 жылдың 22 ақпан күні «Заманауи ғылыми зерттеулер: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 4 секциядан тұрды, жалпы колледжден 34 студенттің  ғылыми жұмыстары тыңдалды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 16 студенттің еңбегі  бағаланып, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы», «Тақырып өзектілігі» және «Ең үздік презентация» номинациялары берілді. Іріктеуден өткен ғылыми жұмыстар ҚАЕУ-де 2018 жылдың 26 – 29 наурыз өтетін VIII Халықаралық жас ғалымдар форумына жіберілді.

Толығырақ

Астана қаласына — 20 жыл

2018 жылдың 21 ақпан күні ҚАЕУ колледжінің студенттері А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында өткен Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты кездесуіне қатысты. Мерекелік танымдық бағдарламаның қонақтары астананың құрылу кезеңдерін еске алып, пікір бөлісті. Соның ішінде: Астананың 20 көрікті орны, әлемдік деңгейдегі Астана тарихының 20 оқиғасы, белгілі адамдардың Астана туралы 20 цитатасын оқу, 20 қызықты дерек білу … .

Толығырақ

«БИПЭК АВТО»-ның күні

 2018 жылдың 20 ақпан күні ҚАЕУ колледжінің бітіруші түлектері. «Болашаққа БИПЕК-пен бірге «Карьерный квест» атты викториналар мен тренингтерден тұратын «Іскерлік істер» зияткерлік ойыны, «Тиімді жұмыспен қамту» шеберлік сабағы, «Мықтыларға қарсылық» викторинасы, Мен басшымын. Көшбасшылық қабілетін дамыту» HR–тренингі, «Instagram жетістіктері» SMM–презентация шараларына қатысты. «Бипэк-Жанарту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қаржы», «Менеджмент», «Туризм» мамандықтарының 7 білім алушысына болашақта жұмысқа орналасу мақсатында іс-тәжірибеден ату мүмкіндігі берілді. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді.

Толығырақ

«Аршын мал алан» қойылымының тұсаукесері

2018 жылдың 16 ақпаны күні ҚАЕУ колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры У. Гаджибековтың «Аршын мал алан» қойылымы тұсаукесерінің көрермендері болды.

Толығырақ

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумы

2018 жылдың 15 ақпан күні «Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледж»  КМҚК базасында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумына ҚАЕУ колледжінің жалпы білім беретін және жалпы гуманитарлық пәндер оқытушылары қатысты. Семинар-практикумның мақсаты мен міндеті: оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірбиені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Толығырақ