ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІНЕН ҮЗІНДІ


Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжіне 2018 жылға

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІНЕН ҮЗІНДІ

Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжіне күндізгі оқу түріне азаматтардан құжат  қабылдау 20 маусымынан 20 тамызға дейін жүреді. Қабылдау емтихандары 1 тамыздан 28 тамыз аралығында жүргізіледі.

Сырттай оқу түріне құжат  20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Қабылдау емтихандары 1 тамыздан  25 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Күндізгі оқу түріне түсетін түлектерге творчестволық емтихан 21 шілдеден  28 шілде аралығында өткізіледі.

Талапкерлер білім алу үшін қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды қосымша тапсырады:

−     білімі туралы (түпнұсқа) құжат;

−     4 фотосурет (3Х4) көлемінде

−     № 086-У формалы медициналық анықтама флюротүсірілім қағазын (І, ІІ топтағы мүгедектер мен балалық шағынан мүгедек тұлғалар медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссияның түйінін);

−     осы жылы мектеп бітірген 11 сынып түлектеріне ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы немесе кешенді тестілеу сертификаты;

-         талапкерлер жеке басын куәландыратын құжаттары  (өзі ұсынуы тиіс).

Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгендігін растайтын белгісі бар, өздерінің статусын белгілейтін құжаттарды ұсынады:

1) шет елдік азамат – шет елдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатын;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлға куәлігін;

3) босқын – босқын куәлігін;

4) тұратын пана іздеген тұлға – тұратын пана іздеген тұлға куәлігін;

5) оралман азамат – оралман куәлігін.

Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін оқуға қабылдау емтиханы жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бойынша бейіндік пәнінен) өткізіледі.

Негізгі орта білімі бар азаматтар үшін оқуға қабылдау емтиханы негізгі орта білім берудің оқу бағдарламасы көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бойынша бейіндік пәнінен)  өткізіледі

Әр пән бойынша тест сұрақтар саны — 25. Әр тесттің дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады.

Кешенді тестілеуге 3 пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал 2 пәнге 1 сағат 30 минут бөлінеді. Дұрыс жауаптар кілті тестілеу біткеннен кейін ілінеді. Кешенді тестілеу қорытындысы тестілеу өткізген күні хабарланады.

Колледжде оқуға азаматтардың берген өтініштері бойынша конкурс негізінде күндізгі оқу түріне оқушылар қатарына  қабылдау  25 тамыздан 30 тамызға дейін,  сырттай оқу түріне оқушылар қатарына қабылдау 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке  дейін жүргізіледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
-  негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
-  жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.