ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


 ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан-Америка Еркін Университетінің жоғары колледжіне

2026 жылы

 

  1. 1.    Жалпы ережелер

 

1.1 Осы қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде әзірленді.

1.2 «Қазақстан-Америка Еркін университетінің» Жоғары колледжіне (бұдан әрі — колледж) негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары білімі (жоғары кәсіптік) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім туралы құжатпен (куәлік, аттестат).

1.3 Қазақстан-Америка Еркін университетінің колледжіне оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдар үшін қабылдау квотасы көзделеді.

Қабылдау квотасының мөлшері Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген:

1)  І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар қатарындағы азаматтар үшін – 10 пайыз;

2)  басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;

3)  ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін ауыл жастары қатарындағы азаматтар үшін – 35 пайыз;

4)  Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары үшін – 4 пайыз;

5)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – 1 пайыз;

6)  Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – 5 пайыз;

7)  кәмелетке толмаған төрт және одан да көп бала тәрбиеленіп жатқан отбасылардан шыққан балалар үшін – 5 пайыз;

8)  толық емес отбасы мәртебесіне кемінде үш жыл ие болған отбасылардан шыққан балалар үшін – 1 пайыз;

9)  бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін – 5 пайыз;

10)          мерзімді әскери қызметті шақыру бойынша белгіленген мерзімде өткерген Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – 1 пайыз.

1.4. Колледжге оқуға түсетін және қабылдау квотасы көзделген адамдар өздерінің тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттарды ұсынады.

1.5. Қабылдау комиссиясының жұмысы тікелей колледжде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  1. 2.    Колледжде оқуға қабылдау тәртібі

 

2.1 Колледжге оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау жүзеге асырылады:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша

- мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 22 тамызына дейін негізгі орта білім беру базасында, күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 тамызына дейін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында, ақылы негізде – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 27 тамызына дейін, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 шілдесіне дейін, педагогикалық мамандықтар бойынша – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 10 тамызына дейін, – сырттай оқу нысандарына-күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін.

2.2 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) болып табылады.

2.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылар мемлекеттік қызметті мынадай тәртіппен алады:

1) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы – Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

2) колледжде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – білім туралы құжаттары цифрландырылмаған өткен жылдардағы білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ шетелдік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері.

2.4. Құжаттар «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес ұсынылады.

2.4.1. Құжаттар тізбесі:

Колледжге жүгінген кезде:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3х4 см сандық фотосурет.;

4) І және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін № 075-У нысанындағы медициналық анықтама 031-У нысаны бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;

5) балалардың мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

6) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушы — шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

3) босқын-босқын куәлігі;

4) пана іздеген адам-пана іздеуші адамның куәлігі;

5) қандас-қандас куәлігі.

Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілінің) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) білім туралы электрондық құжат;

3) № 075/у нысанындағы электрондық медициналық анықтама, ал І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін № 031/у нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

4) баланың мәртебесін растайтын электрондық құжат;

5) көлемі 3×4 см цифрлық фотосурет.

Жеке басын куәландыратын құжат, білім туралы құжат, медициналық анықтамалар және көрсетілетін қызметті алушының мәртебесін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

2.5. Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш» қағидаты бойынша «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде бір мезгілде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдар қатарындағы азаматтардың жекелеген санаттарын тегін тамақпен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметін алу туралы өтініш бере алады.

2.6. Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, ал кәмелетке толмаған адамдар заңды өкілінің қатысуымен тапсырады.

 

2.7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды тапсырған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартып, тиісті қолхат береді.

2.8. Құжаттар Портал арқылы тапсырылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны тіркеп, орындау үшін қабылдау комиссиясына жолдайды. Егер өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс немесе мереке күндері келіп түссе, онда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

2.9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз жеткізгіште береді немесе құжаттар Портал арқылы тапсырылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.

2.10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оған құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды.

2.11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

2.12. Оқуға түсушілердің өтініштері «Ұлттық білім беру деректер қоры» (бұдан әрі – ҰБДҚ) ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

2.13. Осы Қағидалардың 1.3-тармағында көрсетілген, қабылдау квотасы көзделген адамдар санатына жататынын растайтын құжаттарды оқуға түсушілер осы Қағидалардың 2.1-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін колледждің қабылдау комиссиясына ұсынады.

2.14. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (адамдарды) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау дәрігерлік-консультациялық комиссияның және медициналық-әлеуметтік сараптаманың ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, тиісті мамандықтар мен біліктіліктер бойынша жүзеге асырылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (адамдарды) оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүргізіледі: арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ұсынылған жағдайда – арнайы білім беру бағдарламасы негізінде, ал жалпы топтарда оқыту кезінде – жеке білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

2.15. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсетін адамдар күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап ерікті негізде Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы кәсіптік диагностикадан (сауалнама жүргізу) өтеді.

2.16. Кәсіптік диагностика нәтижелері бойынша талапкерге мамандықтарды таңдауға қатысты ұсынымдар және ұсынылған мамандықтарға сәйкес кәсіптер картасы беріледі. Кәсіптік диагностика нәтижелері ұсынымдық сипатқа ие.

2.17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша педагогикалық мамандықтарға, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсетін адамдар кәсіптік диагностикадан өткеннен кейін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесі арқылы колледжге жіберіледі. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тақырыптарын колледж дербес айқындайды.

2.18. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтарына оқуға түсетін адамдар осы Қағидалардың 2.36-тармағына сәйкес арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсырады.

2.19. Педагогикалық мамандықтарға оқуға түсетін адамдар үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар:

– негізгі орта және жалпы орта білім беру базасында оқуға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін өткізіледі.

2.20. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:

1) арнайы және шығармашылық емтихандардың нәтижелері «2», «3», «4», «5» деген бағалармен бағаланады;

2) педагогикалық мамандықтар бойынша әңгімелесу нәтижелері «Жіберілді» / «Жіберілмеді» нысанында бағаланады.

2.21. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны мен тәртібі (өткізу күні, уақыты, орны және консультациялар өткізу тәртібі) қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және өтініш қабылдау кезінде оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

2.22. Оқуға түсушіні арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан, психометриялық тестілеу немесе әңгімелесу өткізілетін аудиторияға жіберу талапкердің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі негізінде жүзеге асырылады.

2.23. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері колледждің ақпараттық стендінде орналастырылады. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындылары бағалау ведомосімен рәсімделеді.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды, сондай-ақ әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио және бейнежазба жүргізіледі. Бұл жазбалар колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.

2.24. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандардың, сондай-ақ әңгімелесудің нәтижелерін бағалау кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу және оқуға түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында ректордың бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.

2.25. Емтихан нәтижелерімен келіспейтін адам апелляцияға өтініш береді. Апелляцияға өтініш емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін апелляциялық комиссияға беріледі және өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

2.26. Апелляциялық комиссияның отырысына оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, комиссияның шешімі заңды болып есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамамен рәсімделеді, оған комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

2.27. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

2.28. Орта буын маманының біліктіліктері бойынша Конкурсқа негізгі орта, жалпы орта білім беру базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын аяқтаған адамдар қатысады.

2.29. Педагогикалық мамандықтарға, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсетін адамдар арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандардың, әңгімелесудің нәтижелері бойынша Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

2.30. Конкурсқа қатысу үшін негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында оқуға түсушілер күнтізбелік жылдың 22 тамызына дейін өтініш береді.

2.31. Конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде оқуға түсушілер жергілікті атқарушы органдар бекіткен төрт мамандыққа және (қажет болған жағдайда) төрт біліктілікке дейін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия бекіткен төрт техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына дейін, сондай-ақ оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын) және білім деңгейін таңдайды.

2.32. Колледж күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін өтініш берген адамдарды Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесінде мамандығы мен біліктілігін көрсете отырып тіркейді.

2.33. Конкурсты Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесі талапкерлерді автоматтандырылған түрде бөлу арқылы өткізеді. Бөлу білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндердің орташа конкурстық балы негізінде жүзеге асырылады.

Педагогикалық мамандықтарға және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсушілер үшін конкурс білім туралы құжаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы (бағасы), сондай-ақ колледж өткізген арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалар (балдар) негізінде, қабылдау квотасы ескеріле отырып жүргізіледі.

2.34. Талапкерлерді автоматтандырылған түрде бөлу Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2.35. Негізгі орта және жалпы орта білім беру базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары базасында педагогикалық мамандықтарға оқуға түсетін адамдар арасында конкурс:

– мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – күнтізбелік жылдың 23–24 тамызы аралығында;

– ақылы негізде – күнтізбелік жылдың 28–29 тамызы аралығында;

– педагогикалық мамандықтар бойынша – күнтізбелік жылдың 16–17 тамызы аралығында өткізіледі.

2.36. Колледж мамандықтары бойынша бейіндік пәндердің тізбесі:

Мамандық коды

Мамандығы

Квалификация

Негізгі орта білім базасында

Жалпы орта білім негізінде

01140700 Информатика

 

Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастаулары

Информатика

01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі Бастауыш білім беру мұғалімі

Әдебиет

Биология

Әдебиет

Биология

01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақ әдебиеті

Дүниежүзі тарихы

Қазақ әдебиеті

Дүниежүзі тарихы

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

Орыс әдебиеті

Дүниежүзі тарихы

Орыс әдебиеті

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі мұғалімі

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы

01140500

Дене тәрбиесі және спорт Дене тәрбиесі мұғалімі Мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру.

Биология

Мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру.

Биология

04210100 Құқықтану Заңгер

Құқық негіздері

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

03220100 Кітапхана ісі Кітапханашы

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

Қазақстан Тарихы

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

Дүниежүзі тарихы

09230100 Әлеуметтік жұмыс Әлеуметтік қызметкер

Қазақстан Тарихы

Биология

Дүниежүзі тарихы

Биология

10130100 Қонақ үй бизнесі Қонақ үйдің оперативті менеджері

.География

Шет тілі

.География

Шет тілі

03220200

 

Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану Іс қағаз жүргізушісі

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

Қазақстан Тарихы

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

Қазақстан Тарихы

10150100 Туризм Туризм менеджері

География

Шет тілі

География

Шет тілі

02310100

 

Аударма ісі (түрлері бойынша) Аудармашы

Шет тілі

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

Шет тілі

Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

04130100 Менеджмент (қолдану салалары бойынша) Менеджер Алгебра Информатика Алгебра және анализ бастамалары Информатика
04120100 Банк және сақтандыру ісі Банк операциялары жөніндегі менеджер Алгебра Информатика Алгебра және анализ бастамалары Информатика
06120200 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) Ақпараттық жүйелер технигі

 

Алгебра Информатика Алгебра және анализ бастамалары Информатика

 

2.37. Колледж мамандықтары бойынша арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны:

Мамандық коды

Мамандық

Біліктілік

негізгі жалпы білім негізінде

жалпы орта білім негізінде

01140700 Информатика Бастауыш және негізгі орта білім берудің Информатика мұғалімі Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі Бастауыш білім беру мұғалімі Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант)
01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант)
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шет тілі мұғалімі

01140500

Дене шынықтыру және спорт Дене шынықтыру мұғалімі Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
03220100 Кітапхана ісі Кітапханашы

 

Әдебиет бойынша ауызша емтихан Әдебиет бойынша ауызша емтихан

 

2.38. Орташа конкурстық балл (бұдан әрі – ОКБ) пәндер/пәндер бойынша бағалардың, сондай-ақ арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандардың бағаларының (балдарының) жиынтығын олардың жалпы санына бөлу арқылы анықталатын орташа мән ретінде есептеледі.

2.39. Орташа балл мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

1) негізгі орта білімі (9-сынып) негізінде оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалардан (балдардан): міндетті пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейініне сәйкес екі пәннен:

ОКБ = (МП1 + БП1 + БП2) / БС,

мұнда:

МП1 – міндетті пән (пән) бойынша баға;

БП1 – бірінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БП2 – екінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БС – бағалар саны.

2) негізгі орта білімі (9-сынып) негізінде педагогикалық мамандықтарға, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалардан (балдардан): міндетті пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейініне сәйкес екі пәннен (қажет болған жағдайда) және арнайы немесе шығармашылық емтиханның бағасынан (балынан):

ОКБ = (МП1 + БП1 + БП2 + АЕ/ШЕ) / БС,

мұнда:

МП1 – міндетті пән (пән) бойынша баға;

БП1 – бірінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БП2 – екінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

АЕ/ШЕ – арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның бағасы (балы) (егер екі арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілсе – АЕ2/ШЕ2);

БС – бағалар саны.

3) жалпы орта білім және техникалық және кәсіптік білім беру негізінде оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндерден (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейініне сәйкес екі пәннен:

ОКБ = (МП1 + МП2 + БП1 + БП2) / БС,

мұнда:

МП1 – бірінші міндетті пән (пән) бойынша баға;

МП2 – екінші міндетті пән (пән) бойынша баға;

БП1 – бірінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БП2 – екінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БС – бағалар саны.

4) жалпы орта білім және техникалық және кәсіптік білім беру негізінде педагогикалық мамандықтарға, сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндерден (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), мамандық бейініне сәйкес екі пәннен (қажет болған жағдайда) және (немесе) арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның бағасынан (балынан):

ОКБ = (МП1 + МП2 + БП1 + БП2 + АЕ/ШЕ) / БС,

мұнда:

МП1 – бірінші міндетті пән (пән) бойынша баға;

МП2 – екінші міндетті пән (пән) бойынша баға;

БП1 – бірінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БП2 – екінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

АЕ/ШЕ – арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның бағасы (балы) (егер екі арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілсе – АЕ2/ШЕ2);

БС – бағалар саны.

5) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндерден (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), мамандық бейініне сәйкес екі пәннен және (педагогикалық мамандықтар мен шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша) шығармашылық және (немесе) арнайы емтиханның бағасы болған жағдайда, сол бағаны ескере отырып қалыптастырылады:

ОКБ = (МП1 + МП2 + БП1 + БП2 + (болған жағдайда АЕ/ШЕ)) / БС,

мұнда:

МП1 – бірінші міндетті пән (пән) бойынша баға;

МП2 – екінші міндетті пән (пән) бойынша баға;

БП1 – бірінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БП2 – екінші бейіндік пән (пән) бойынша баға;

БС – бағалар саны.

2.40. Орташа конкурстық баллдар тең болған жағдайда, білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығына сәйкес қабылдау квотасы бойынша санаты ескеріледі.

2.41. Басқа мемлекеттің білім туралы құжаты бар адамдардың құжатында осы Қағидалардың 2.36-тармағында көрсетілген міндетті және бейіндік пәндер болмаған жағдайда, міндетті және бейіндік пәндердің тізбесін колледждің қабылдау комиссиясы Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесі арқылы айқындайды.

2.42. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінбей қалған орындар болған, мамандықтар бойынша оқу топтары (кемінде 15 адам) толық жасақталмаған және конкурсқа қатысқан талапкерлер толық қамтылмаған жағдайда, № 381 бұйрыққа сәйкес күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы мамандықтар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында қайта бөлінеді.

2.43. Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесі автоматтандырылған бөлу арқылы колледжге қабылдау үшін орта буын мамандарының мамандықтары бойынша конкурсқа өткен адамдардың тізімін Білім басқармасына жолдайды.

2.44. Білім басқармасы негізгі орта, жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беру базасында оқуға түсетін адамдар арасындағы Конкурс қорытындыларын күнтізбелік жылдың 25 тамызында, ал педагогикалық мамандықтарға түсушілер бойынша 18 тамызда өзінің ресми интернет-ресурстарында жариялайды.

Порталдың 1414 Бірыңғай байланыс орталығы талапкерлерді Конкурс қорытындылары туралы SMS-хабарлама арқылы хабардар етеді.

  1. 3.               Білім алушылар құрамына қабылдау

 

3.1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі білім алушылар қатарына қабылдау қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде колледж директорының бұйрығымен мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күндізгі оқу нысаны бойынша – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

2) сырттай оқу нысаны бойынша – күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

3.2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін күндізгі оқу нысанына қабылдау нәтижелері туралы ақпарат оқуға түсушілердің назарына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, ал сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін колледждің қабылдау комиссиясы ақпараттық стендте немесе колледждің интернет-ресурсында орналастыру арқылы жеткізіледі.