Балалар және жасөспірімдер клубының оқытушыларымен кездесу

2018 жылдың 30 наурыз күні туризмнің белсенді түрінің техникасы мен тактикасы бойынша тәжірибелік білім беру мен дағдыларды игеру мақсатында «Жас турист» клубының мүшелері «Радуга» балалар және жасөспірімдер клубының оқытушылары  Ростовцева Ольга Владимировна және Орлов Вячеслав Валерьевичпен кездесу өткізілді. Кездесу аясында альпинистік құрал–жабдықтарды қолдану бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Клуб мүшелері көптеген сұрақтарға жауап алды. Кездесу танымды әрі қызықты өтті.

Толығырақ

БОЛАШАҚҚА – БІРГЕ!

2018 жылы «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС ҚАЕУ колледжімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның алғышарттары басымдықтардың жүзеге асырылуы бағытында колледж бен компания арасындағы өзара тиімді, ұзақмерзімді дамыту және серіктестік қарым-қатынас орнату болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, елдің ең жоғары зиялыларын қалыптастыру, сапалы білім беруде тиімді серіктестікті үйлестіру – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген алғышарттар. Қазіргі уақытта «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС  «БИПЭК: Жаңарту» бағдарламасы аясында ҚАЕУ колледжінің « Менеджмент» және «Туризм» мамандығының 4 студенттері сынақ мерзімінен өтуде. Бірнеше апта ішінде олар өздерін еңбекқор, тәртіпті және […]

Толығырақ

Ардагерлерді ардақтайық!

2018 жылдың 15 наурыз күні ҚАЕУ колледжінің «Мейірім» волонтерлік қозғалысының мүшелері тыл еңбеккері Раиса Ларионовна Ярощенконың есік алдындағы қалың қарды тазалап, өзге де ауыр жұмыстардың бір шамасын орындауда көмек көрсетті. Мұндай акциялар  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізінде үлкендерді құрметтеу мақсатында жыл бойы дәстүрлі түрде атқарылады.  

Толығырақ

«Ата дәстүрі аманат» атты көрме

2018 жылдың 14 наурыз күні Өскемен қаласындағы қызмет көрсету колледжінде «Ата дәстүрі аманат» атты көрме өтті. ҚАЕУ колледж студенттері көрмеге қатысып, қолдан жасалған Көктем мерекесінің гүлдерімен көрменің көркін аша түсті.  

Толығырақ

Студент бола отырып еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма?

ҚАЕУ колледж тарихында студенттердің бүгінгі күндегі жауабы- «Иә!». Тек бітіруші курс қана емес барлық студенттер өздерін келешегі бар маман көрсете алуда. Өндірістік практика кезінде студенттер өзбілімдері мен біліктерін, жеке қасиеттерін көрсете алғаны сонша оларды болашақтағы жұмыс берушілері студенттердің колледжді бітірулерін күтпестен, оларға өз кәсіпорындарында қызметкер болуды ұсынды. Мадинов Арсен, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті: «2018 жылдың 3 қаңтарынан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жетекшілер және шетелдік мамандармен өткен әңгімелесуден кейін мені «American Culture Center» бөліміне жұмысқа қабылдады. Мен оқу мен жұмысты жеңілдікпен ұштастырып, ағылшынша сөйлеу дағдысын жетілдіріп (өйткені, мен екі американдықпен жұмыс істеймін), аударма ісінің жазба және ауызша ісімен […]

Толығырақ

«Арулар сайысы – 2018»

2018 жылдың 7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні карсанында ҚАЕУ колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар үшін наурыз мерекелік гүлдер көрмесімен басталды. Тосын сый студенттер тарапынан дайындалған мерекелік «Арулар сайысы – 2018» конкурсымен қорытындалды.

Толығырақ