«Болашақ Заңгер-2018» атты облыстық конкурс

2018 жылдың 28 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Білікті маман» жобасының жүзеге асыру шеңберінде  ШҚО бойынша КжТББ жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында ҚАЕУ колледжінде «Болашақ Заңгер-2018» атты облыстық конкурс өтті. Конкурсқа облыстың 3 колледж командалары  қатысты.

Облыстық конкурс төрт кезеңнен тұрып, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Қорытындысы бойынша командалардың жүлделі орындары төмендегідей болды:

Жүлделі орындар

Оқу орнының атауы

І орын

Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжі

ІІ орын

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жоғары колледж

ІІІ орын

Құмаш Нұргалиев атындағы колледж

 Ең белсенді болашақ заңгерлер «Үздік теориялық білімі бойынша», «Үздік заңгер-кеңесші», «Үздік спикер», «Үздік практик» номинациялары бойынша мадақтамалармен марапатталды.