Экономикалық мамандықтар бойынша өткен облыстық конкурс

21.12.2016 жылы ҚАЕУ колледжінің тобы ШҚО Техникалық және кәсіби білім беру жүйелердегі оқу орындарының студентеттері арасында Өскемен экономика және қаржы колледжі ұйымдастырған облыстық сайысқа қатысты.

Сайыс екі тілде өтіп, 4 турды қамтыды. Сайыс барысында ҚАЕУ колледжінің студенттері «Бухгалтерлік баланс», «Есептер және екі жақты жазу» пәндер бойынша өздерін кешенді есептерді шығаруда білімдерін көрсете білді.

ҚАЕУ колледжінің тобының құрамы: Дроздова Полина, Осипова Анастасия, Медведева Екатерина және Елемесова Бибигуль, жетекші — Мурзаканова Айнур Кайролдакызы, арнайы пәндер оқытушысы, III орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Дроздова Полина жүлделі III орынға ие болды.