«Физика-химиялық КВН» атты облыстық байқауына қатысу

2022 жылдың 23 желтоқсан күні «Химиктер-Алхимиктер» ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің командасы Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 70 жылдығына арналған «Физика-химиялық КВН» атты облыстық байқауына қатысты. Ойын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының командалары арасындағы 5 байқаудан тұрып, жарыс түрінде өткізілді. Жауапты оқытушылар: Манарбекова Г.С., Маралбаева Н.Е. Колледж командасын «Әртістік» номинациясындағы жеңісі үшін құттықтаймыз!