«Голос свободы» шешендер сайысы

2017 жылы 12 мамыр күні ҚАЕУ колледж студенттері А.С. Пушкин атындағы кітапханасының конференц-залында жастар арасында өткізілген «Голос свободы» шешендер сайысына қатысты. Сайыс республикалық мәдени жобаның «Үштілділік тұғырлылық» негізінде және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы шеңберінде өткен «Одна страна — одна книга» атты акциямен көркемделді.

Біздің  сайыскерлер Бақаева Ботагөз, Адилбекова Айсулу, Омарова  Асыл, Тулегенова Улжан  өз мүмкіндіктерімен таланттарын көрсетіп қана қоймай, сөйлеу мәнерінің, тіл шеберлігінің жаңа бағыттарынан сабақ ала білді, сондай-ақ нақты шараға қатысқаны үшін сертификат иегерлері атанды.

Колледж оқытушылары Таскимбаева Роза Капановна және Нұғыманова Гауһар Ержанқызы сайыскерлердің шараға үздік дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.