«Ұлы дала елі — Мәңгілік ел» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы

 

 2017 жылдың 30 наурызында Семей қаласындағы «Көлік колледжі» КМҚК-нің ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Ұлы дала елі — Мәңгілік ел» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Шараға қатысуға ниет білдірген талапкерлер қатарынан 18 колледжден келген үміткерлер болды. Жалпы 27 студент қатысқан ақындар сайысында ҚАЕУ колледжінің студенттері топ жарып, «үздік» атанды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша 16СО-к1 тобында оқитын 1 курс студенті Ержанова Аида 1-орын (жетекшісі – Самарханова Н.Н.), 15Т-к1 тобындағы 2-курс студенті Айынкір Бақболсын 2-орынды иеленіп (жетекшісі – Сеилханова К.К.), 1-ші және 2-ші дәрежелі Дипломдармен марапатталды