«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы

2023 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің спорт залы базасында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — ТжКБ жүйесінің оқу орындарында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқитын бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу. 5 кезеңнен тұратын байқау барысында командалар визит карточкасын ұсынды, сабақ жоспарын (сабақтың КМЖ) әзірледі, дене шынықтыру бойынша оқу сабағының негізгі бөлігінің фрагментін өткізу дағдыларын көрсетті, спорттық-бұқаралық іс-шараның элементі ретінде аэробты-би фрагментін (флешмоб) көрсетті, «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды: І орын – «Абай қырандары» командасы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі); ІІ орын – «Сила» командасы (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғарғы колледжі); ІІІ орын – «Аманжолов» командасы (С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің Жоғары колледжі).