Сайыс-саптық шеру

04.05.2017 жылы ҚАЕУ колледжінде Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғанының 25 жылдығына арналған сайыс-саптық шеру өтті.

Cайыстың бағдарламасында көрсетілгені:

  1. Взвод бойынша салтанатты маршпен жүріп өту.
  2. Взводтың сапта ән орындау қабілеті.
  3. Қарусыз сапта іс-қимылдар жасау.
  4. Взвод командирлер сайысы.

Саптық шеру байқауына 1 курс студенттері қатысты. Сайыс барысында 9 взводтың барлық қатысушылары эмоционалдық тұрақтылықпен әрбір сыннан өтіп, автоматты шашып, жинауда жылдамдықпен, тапқылық тұрғысынан  өздерін жақсы жағынан көрсетті. Жүлделі орындар төмендегідей болды: І орын – 16НО-к1 тобының взводы, ІІ орын – 16СО-к1 тобының взводы, ІІІ орын – 1П-к1 тобының взводы.

Командирлер арасында оза шыққан 16ПД-р3 тобының студенті Шарыпов Денис өзін толық қырынан көрсетті.