Студент бола отырып еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма?

ҚАЕУ колледж тарихында студенттердің бүгінгі күндегі жауабы- «Иә!». Тек бітіруші курс қана емес барлық студенттер өздерін келешегі бар маман көрсете алуда. Өндірістік практика кезінде студенттер өзбілімдері мен біліктерін, жеке қасиеттерін көрсете алғаны сонша оларды болашақтағы жұмыс берушілері студенттердің колледжді бітірулерін күтпестен, оларға өз кәсіпорындарында қызметкер болуды ұсынды.

Мадинов Арсен, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті: «2018 жылдың 3 қаңтарынан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жетекшілер және шетелдік мамандармен өткен әңгімелесуден кейін мені «American Culture Center» бөліміне жұмысқа қабылдады. Мен оқу мен жұмысты жеңілдікпен ұштастырып, ағылшынша сөйлеу дағдысын жетілдіріп (өйткені, мен екі американдықпен жұмыс істеймін), аударма ісінің жазба және ауызша ісімен айналысып, синхронды аударма дағдыларын жетілдіріп жүргеніме үш ай болды. Тіпті іскерлік кешкі аста аудармашы ретінде де шықтым. Сенің білімің мен білігіңді бағалаған өте жағымды. Бұл одан ары талпынуға мүмкіндік береді».

IMG_20180314_094136

Шушакова Мария, «Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті: «Колледж келісімшарты бойынша бекітілген кәсіпорындар ішінен мен «Бипэк Авто – Азия Авто» холдингін таңдадым. Бұл таңдау үшін еш өкінбедім. Бұл кәсіпорында «Бипэк-Жаңарту» бағдарламасы жүзеге асырылады екен. Практика соңында маған қызметкерлермен жұмыс бөлімінде қалуды ұсынды. Ал қазір мен осы бөлімде штаттық жұмыстамын. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары менің жеке сабақ кестемді қарастырып, оқу жұмысты қатар алып жүрмін. Ең бастысы – жауапты, мақсатшыл болу керек. Сонда сенде бәрі болады.

000

Жанболатова Нұрай, «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті: «АТФ Банк» АҚ-да кәсіптік практика өту барысында, бөлім жетекшісі Кузьменко Роман Валерьевичтің айтуы бойынша мен өзімді жауапкершілігі, атқарушылығы жоғары, білікті тәлімгер ретінде көрсете алдым. Практиканың соңында маған «АТФ Банк» АҚ-ның Өскемендегі бір бөлімшесінде менеджер болуды ұсынды. Мен еңбекқорлықпен білім, жауапкершілік жетістікке жеткізетінін білдім».

IMG-20180313-WA0010

Ильина Софья, «Туризм» мамандығының  3 курс студенті: «Оқытушым Зайцева В.С. ұсынысы бойынша  «SANUR TOUR» туристік фирмасына жұмысқа орналастым. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Мен адамдарды демалысқа жіберу арқылы үлкен іс жасап отырмын. Туристер риза болып оралып жатқаны үшін қуаныштымын. Олардың сенімін ақтамайтын жайттар бола ма — деп те уайымдаймын. Туризм саласында жұмыс істеуде әр туристің қалауын тыңдап, мұқият және сақ болуды талап етеді. Туристердің жағрафиядан хабары болып, жағажай уақытының қай жерлерде  қашан болатынын білсе өте жақсы. Тіпті кей туристер қонақүйдің 5* немесе 3* болатынын білмеуі де мүмкін. Сол үшін туризмге менеджерлер қажет.

IMG-20180312-WA0006

Балахонова Снежана, «Туризм» мамандығының 3 курс студенті: «Мен, «Vell-Пляжный отдых» туристік фирмасында жұмыс істей отырып, турагенттің жұмысының қаншалықты қиын екенін түсіндім. Туристер риза болу үшін турагент кәсіби шебер болуы керек. Ол үшін турагент ауқымды ақпарат біліп, адамдармен қарым-қатынас жасай алу, жақсы тәжірибелі және тартымды болуы керек. Тағы бір жағдай, ол тез шешім қабылдай білетін болуы керек. Сондықтан мен жоғары санатты және сұранысқа ие маман болуды үйренудемін».

IMG-20180312-WA0002

Міне, осындай бірнеше студенттер пікірлерінен кейін өздерін лайықты болашақпен қамтамасыз етуде диплом алуды тоспай бәрінен бастау керектігіне көз жетті. Олар өз тәжірибесінде еңбек нарығында мамандардың қажет екенін, оларды міндетті түрде бағалайтынын білді.