«Жігіт сұлтаны-2017» қалалық сайысы

Шығыс Қазақстан облысының жоғарғы  оқу орындар мен техникалық кәсіптік білім беру орындарында  Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны-2017» қалалық сайысы өтті. Сайысқа 17 оқу орнынан үміткерлер қатысты, сайыс 4 сатыдан тұрды: «Сал-серілер салтанаты» би жарысы, «Бәйге» интелектуалдық сайысы, «Сегіз қырлы бір сырлы» өнер сайысы, «Біздің жігіттер керемет жігіттер» спорттық сайысы, «Іскерлік стиль» іскерлік келбет сайысы.

ҚАЕУ колледж студенті Қадырбеков Раджан осы бес кезеңнен суырылып шығып, жүлделі 1-орынды «Өнерпаз жігіт» номинациясымен жеңіп алды.