CLIL технологиясы элементтерін қолдану арқылы өткен сабақ

2018 жылдың 11 сәуір күні CLIL технологиясымен кіріктірілген ағылшын тілі  элементтерін қолдану арқылы «Биология» пәні  бойынша сабақ жоғары санатты оқытушысы О.А. Ильясова ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақтың барлық кезеңдерінде 2 тілді оптималды түрде қолданғанын көрсете білді.  

Толығырақ

«Рудный Алтай» газетіне — 100 жыл

10 сәуір күні 2018 жылы Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің жарық көргеніне 100 жыл толды. Осыған орай кітапханада «Рудному Алтаю» — 100 лет: по страницам истории» көрмесінің ашылуына ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты. Мерейтойлық басқосуға Анатолий Акава, Шахерхан Әзмұхамбетов, Сергей Суров, Людмила Семенова, Владимир Карелов, Владимир Никифоров, Андрей Кратенко сияқты […]

Толығырақ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турнирі

  2018 жылдың 8 сәуір күні Өскемен қаласыда C. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікір-сайысшылар турниріне «Алаш ұрпақтары» дебат клубы мүшелері қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ІІ–орын Идаятұлы Кашап, ІІІ–орын Еміл Әли мен Айынкір Бақболсын алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!

Толығырақ

Балалар және жасөспірімдер клубының оқытушыларымен кездесу

2018 жылдың 30 наурыз күні туризмнің белсенді түрінің техникасы мен тактикасы бойынша тәжірибелік білім беру мен дағдыларды игеру мақсатында «Жас турист» клубының мүшелері «Радуга» балалар және жасөспірімдер клубының оқытушылары  Ростовцева Ольга Владимировна және Орлов Вячеслав Валерьевичпен кездесу өткізілді. Кездесу аясында альпинистік құрал–жабдықтарды қолдану бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Клуб мүшелері көптеген […]

Толығырақ

БОЛАШАҚҚА – БІРГЕ!

2018 жылы «БИПЭК АВТО  Қазақстан» ЖШС ҚАЕУ колледжімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның алғышарттары басымдықтардың жүзеге асырылуы бағытында колледж бен компания арасындағы өзара тиімді, ұзақмерзімді дамыту және серіктестік қарым-қатынас орнату болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар […]

Толығырақ

Ардагерлерді ардақтайық!

2018 жылдың 15 наурыз күні ҚАЕУ колледжінің «Мейірім» волонтерлік қозғалысының мүшелері тыл еңбеккері Раиса Ларионовна Ярощенконың есік алдындағы қалың қарды тазалап, өзге де ауыр жұмыстардың бір шамасын орындауда көмек көрсетті. Мұндай акциялар  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізінде үлкендерді құрметтеу мақсатында жыл бойы дәстүрлі түрде атқарылады.  

Толығырақ

«Ата дәстүрі аманат» атты көрме

2018 жылдың 14 наурыз күні Өскемен қаласындағы қызмет көрсету колледжінде «Ата дәстүрі аманат» атты көрме өтті. ҚАЕУ колледж студенттері көрмеге қатысып, қолдан жасалған Көктем мерекесінің гүлдерімен көрменің көркін аша түсті.  

Толығырақ

Студент бола отырып еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма?

ҚАЕУ колледж тарихында студенттердің бүгінгі күндегі жауабы- «Иә!». Тек бітіруші курс қана емес барлық студенттер өздерін келешегі бар маман көрсете алуда. Өндірістік практика кезінде студенттер өзбілімдері мен біліктерін, жеке қасиеттерін көрсете алғаны сонша оларды болашақтағы жұмыс берушілері студенттердің колледжді бітірулерін күтпестен, оларға өз кәсіпорындарында қызметкер болуды ұсынды. Мадинов Арсен, «Аударма […]

Толығырақ

«Арулар сайысы – 2018»

2018 жылдың 7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні карсанында ҚАЕУ колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар үшін наурыз мерекелік гүлдер көрмесімен басталды. Тосын сый студенттер тарапынан дайындалған мерекелік «Арулар сайысы – 2018» конкурсымен қорытындалды.

Толығырақ

«Болашақ заңгер» атты облыстық конкурс

2018 жылдың 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Білікті маман» жобасының жүзеге асыру шеңберінде ШҚО әкімі аппаратының  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» КММ қолдауымен   ШҚО бойынша КжТББ жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты облыстық конкурс өтті. Конкурсқа облыстың 4 колледжінің білім алушылары  қатысты. Облыстық конкурс […]

Толығырақ