«Болашақ заңгер» атты облыстық конкурс
2018 жылдың 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Білікті маман» жобасының жүзеге асыру шеңберінде ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» КММ қолдауымен ШҚО бойынша КжТББ жүйесіндегі оқу орындарының білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты облыстық конкурс өтті. Конкурсқа облыстың 4 колледжінің білім алушылары қатысты.
Облыстық конкурс үш кезеңнен тұрып, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті, қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей болды:
Жүлделі орындар |
Студенттің аты- жөні |
Оқу орнының атауы |
Бас жүлде |
Хайбуллина Дина | «Innovation college» мекемесі |
І орын |
Марат Нұргүл | Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжі |
ІІ орын |
Кыстаубаева Асель | С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жоғары колледж |
ІІІ орын |
Максимова Екатерина | Құмаш Нұргалиев атындағы колледж |
Облыстық конкурс шеңберінде арнайы пәндер оқытушысы М.К. Мухаметкалиева CLIL технологиясымен кіріктірілген ағылшын тілі элементтерін қолдану арқылы «Конституциялық құқық» пәні бойынша сабақ өткізді.